Депутаты
Депутаттар бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастырды
21-11-2018 09:30
Депутаттар бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастырды

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында депутат Анатолий Бойчиннің төрағашылығымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында облыстық бюджетке және Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау мәселелері қарастырылды.

Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев депутаттарға, біздің облыста республикалық бюджеттің нақтылануына байланысты 5,0 млрд. теңге сомасында қосымша мақсаттық трансферттер мен несиелер бөлінді. Мақсаттық трансферттер көлемі 7,2 млрд. теңгеге ұлғайды және келесі басым бағыттар бойынша жұмсалды: көлік инфрақұрылымы саласында қосымша 2 634,5 млн. теңге, инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға - 3184,7 млн. теңге, ауыл шаруашылығына - 1030,0 млн. теңге, әлеуметтік салаға - 13,2 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджеттік комиссия облыстық бюджетті нақтылауға сомасы 1.9 млрд. теңгеге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен мәлімделген қосымша іс-шараларды қолдады.

 Енгізілетін өзгерістер есебімен облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 171,7 млрд. теңгені құрды, соның ішінде мақсаттық трансферттер мен республикалық бюджеттен несиелер - 52,8 млрд. теңге.

2015 жылы қабылданған облысты дамыту бағдарламасына 31 нысаналы индикатор бойынша түзетулер енгізіледі. Олардың барлығы салалық министрліктермен және комитеттермен келісілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша 10 жаңа жобалармен толықтыру жоспарлануда. Бұл білім беру саласында алты жоба, денсаулық сақтау саласында – үш, 3 ауруханалар үшін жоғары технологиялық хирургиялық жабдық сатып алу бойынша – бір жоба.

Комиссияда қарастырылған мәселелер облыстық мәслихаттың сессиясына енгізілді.