Депутаты
Павлодар облыстық мәслихатының VІ сайланған ХХV кезектен тыс сессиясы
21-11-2018 16:47
Павлодар облыстық мәслихатының VІ сайланған ХХV кезектен тыс сессиясы

Ағымдағы жыддың 21қарашасында Павлодар облыстық мәслихатының VІ сайланған ХХV кезектен тыс сессиясыөтті.Сессияның күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттың депутаттары 17 сұрақ қарастырды, солардың ішінде:

    2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы;

    2017-2019 жылдары іске асырылуға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың тізбесін бекіту  туралы;

    2018-2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы;

    «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

    Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы;

Павлодар облысы Павлодар қаласының Суворов көшесін қайта атау және атауы жоқ көшеге атау беру туралы;

    Павлодар облысының жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы және т.б.

Республикалық бюджеттің нақтылау нәтижелері бойынша біздің облысымызға қосымша 5,0 млрд. теңге сомасында  мақсаттық трансферттер мен республикалық несиелер бөлінді. Мақсаттық трансферттер көлемі 7,2 млрд. теңгеге ұлғайды.  Енгізілген өзгерістер  есебімен нақтыланған облыстық бюджет көлемі 171,7 млрд. теңгені құрды, соның ішінде мақсаттық  трансферттер мен  республикалық бюджеттен несиелер - 52,8 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беру, әлеуметтік  қамтамасыз  ету жүйесінің объектілерін сенімді басқаруға  беру бойынша  2018-2024  жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілді.

Бірауыздан қабылданған шешіммен депутаттар Арғынов Ғабдолла Қайыргелдіұлына, Баталов Леонид Ивановичке, Гайнулин Раис Харисовичке, Ысқақов Сағадат Ысқақұлына, Қабдолов Орынжан Қабдоллаұлына, Фалеев Дмитрий Никифоровичке«Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын берді.

Жаңадан сайланған депутаттар № 22  Алюминстрой сайлау округінен  депутат – Арынов Ербол Сейітахметұлы, № 14 Кутузов сайлау округінен депутат – Айтжанова Динара Нұржанқызы, сессия шешімімен тұрақты комиссиялардың құрамына енгізілді.

Барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып № 9 Лебяжі сайлау округінен депутатТұрлыбаев Жанат Қажатұлы сайланды .