Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралды
24-10-2017 00:00
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

мәселелері қаралды

2017 жылғы 19 қазанда қалалық мәслихат депутаты С.Т.Сәдуақасовтың төрағалағымен құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі   тұрақты комиссиясының  отырысы өтті.   Отырыста 2  сұрақ қаралды.

Екібастұз қаласында 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және өткізу бойынша"Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы М.С.Закариянов хабарлады.  Қосымша баяндамашы болып «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясы" ММ басшысының орынбасары С.Б.Байсельдинов, «Павлодарэнерго» АҚ Екібастұз ЖЭО директоры Вебер В.К., "Екібастұз жылу жүйелері" ӨК ТЖБ бастығының орынбасары  П.И. Ярошенко сөйледі.

Отырыста "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"  мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының 2017 жылдың            9 айында іске асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Қаралған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша, депутаттардың, қоғамдық кеңес мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескеріп,  тұрақты комиссия  қаланың сәйкес коммуналдық қызметтеріне және әкімдіктің бөлімдеріне ұсыныстар берді.