Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Көгершін" фестивалі
23-10-2017 00:00
Көгершін

Көгершін" фестивалі

 

2017 жылғы 20 қазанда "Өнер" қалалық мәдениет орталығында бір жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жыл сайынғы "Ақ көгершін" балалар шығармашылығының фестивалі өтті, ол Екібастұз қаласында              16-шы рет ұйымдастырылып отыр. Фойеде балалардың қолданбалы және  бейнелеу өнері жанры бойынша орындаған жұмыстары қойылды.

Қалалық мәслихат хатшысы Б.К.Құспеков фестивальға қатысушыларды құттықтап, оларға  бақыт, сәттілік және жаңа табыстар тіледі.

Б.К.Құспеков "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша жеңімпаздар №19 арнаулы жалпы білім беру мектебінің оқушылары Михаил Гербинскийге, Давид Мурзагалиевке: түзету кабинетінің тәрбиеленушісі Артем Азаренкоға; №13 "Алтынай" арнаулы бала-бақшасының тәрбиеленушісі Иван Кормильцевке сыйлықтар табыстады.