Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Құтқарушылар күні
23-10-2017 00:00
Құтқарушылар күні

Құтқарушылар күні

 

 2017 жылғы 19 қазанда балалар музыка мектебінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған қаламыздың төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, ТЖ жүйесінің ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты

         Қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Қ.Құспеков  төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерін  кәсіптік мерекелерімен  құттықтады.Өз сөзінде құтқарушылар мамандығы - ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару болып табылатын жоғары және жауапты миссия және ержүректік, батылдық және абырой - күнделікті жұмыста және ең қиын жағдайларда танылатын әрбір қазақстандық құтқарушыға тән қасиеттер  екенін атап өтті.

         Б.Қ.Құспеков ұзақ жылғы қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің  №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері С.С.Вахитовке, А.Т.Кендіровке Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасын табыстады.