Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Есепті кездесу
23-10-2017 00:00
Есепті кездесу

Есепті кездесу

 

         2017 жылғы 18 қазанда Павлодар облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ю.Ю.Колесников  Екібастұз тұғындары алдында  есеп  берді.  Кездесуге қала әкімі, қалалық мәслихат хатшысы,  қала прокуроры, облыстық және қалалық мәслихат  депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары,  ПИК басшылары қатысты.

         Ю.Ю.Колесников өз баяндамасында  облыстық және Екібастұз қаласы  жергілікті полиция қызметінің 2017 жылдың 9 айы ішіндегі жұмысы, негізгі міндеттердің орындалуы жайлы хабарлады, барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерді атап өтті.

         Қалалық мәслихат хатшысы  қызметін жақсарту үшін Екібастұз қаласының жергілікті полиция қызметінің жұмысын жақсарту үшін оның материалдық техникалық  базасын нығайту жөнінде ұсыныс  жасады. Кездесуге қатысушылар талқылауға белсене қатысты, ЖПС жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.

         Есепті қорытындылай келе қала әкімі кездесу барысында  айтылған ескертулер мен ұсыныстарды  бақылауға алуды  тапсырды.