Депутаты
Депутаттар аграрлық мәселелерді талқылады
28-11-2018 12:41
Депутаттар аграрлық мәселелерді талқылады

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарсаңында Жанат Тұрлыбаевтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Мақашевтың ақпараты бойынша облыста ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысатын 266 объектілер бар. Облыстың экспорттық әлеуеті бар. Облыс ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен жылдың басынан бастап 233,2 мың тонна ауыл шаруашылық өнімі экспортталды (өткен жылмен салыстырғанда 187,5%). Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша азық-түлік өнімдері өндірісінің көлемі 56,14 млрд. теңгені (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,2%) құрды.

Депутаттарға сондай-ақ, Павлодар облысының АӨК дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының жобасы туралы хабарлады. Оны жүзеге асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамытуға 5 жыл ішінде инвестициялар көлемі 236,6 млрд. теңгені құрайтынын атап өтті.

Депутатар өңірлік бағдарлама бойынша жоспарланған асыл тұқымды аналық ірі қара мал басын сатып алудың тиімділігі туралы, жерлерді суару бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы, қант қызылшасын өсіру және өңдеу бойынша және т.б. сұрақтар қойды. Талқылау қорытындылары бойынша депутаттар облыстың аймақтық бағдарламасының жобасын қолдады.

Комиссия отырысында Облыс елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларының жобасы талқыланған болатын. Комиссия мүшелері осы мәселені облыстық мәслихаттың сессиясына шығару туралы қаулы қабылдады.

Жер қатынастары басқармасының басшысы Р. Дауытбаев депутаттарды Павлодар облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар жайлы хабардар етті.