Депутаты
Бюджет бекітілді
14-12-2018 15:25

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында депутат Ж. Тұрлыбаевтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың XXVI кезекті сессиясы өтті. Сессия барысында 14 мәселе қаралды. Олардың негізгісі - 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы М. Тұрлыбаев депутаттарға жобамен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және Елбасының бес әлеуметтік бастамашылығының барлық негізгі бағыттары ескерілгенін баяндады.

Бюджет кірістер мен шығыстар бойыншатеңгерілген және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, экономикалық өсудің басты басымдықтары – кіші және орта бизнестің дамуын қолдауды, аграрлық секторды, көлік инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.

 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 122,0  млрд. теңгені құрды. Келесі жылы жеке кірістердің көлемі 32,5 млрд. теңге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 103,5 % болады деп болжануда.   

 Жаңа жылда білім беруге, денсаулық сақтауға,әлеуметтік қорғауға, ауыл шаруашылығына,көлік инфрақұрылымына және өзге салаларға сомасы 67,2 млрд. теңге мақсаттық трансферттер және республикалық бюджеттен несиелер бағытталатын болады. 2019жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі республикалық бюджеттен мақсаттық трансферттер есебімен 189,3 млрд. теңгені құрады.

Депутаттар, бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау барысында барлық әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың толық көлемді қаржылық қамтылуы ескерілгенін атап өтті.

Депутаттар басқарма басшысына сирек кездесетін ауруларды емдеу үшін, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қаражат бөлуге және т.б. қатысты 10-нан астам сұрақтар қойды.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Павлодар қаласының №25 Дачный сайлау округінен депутат Бойчин Анатолий Васильевичсайланды.