Размер шрифта:
↑Наверх
Көрнекті қазақ ақыны және композитор Естайға бағышталған
20-12-2018 11:17
Көрнекті қазақ ақыны және композитор Естайға бағышталған

Желтоқсанның 6-нан бастап 10 жұлдызына дейін Павлодар облысынан облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова басқарған делегация Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының (TURKSOY) 25 жылдығы және  қазақ төл өнерінің ақыны, әнші, композитор, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, Қазақ СРО өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысының тумасы Естай Беркімбаевтің 150 жылдығы аясында Түркияда Естай Күндеріне арналған іс-шараларға қатысты.  

Делегация құрамында іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Арынова Әлия, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілев  Шахмардан, Естай Беркімбаевтің туысы, облыстың Құрметті азаматы Түгелбаев Әбылқақ, «Редакторлар клубының» бас редакторы, облыстың Құрметті азаматы Омаров Мұхит, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Нұхұлы Алтынбек, Екібастұз қаласының Естай атындағы  балалар музыка мектебінің директоры Манапов Медғат, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Нығманов Мақсат, «Қазақконцерт» мемлекеттік ұжымының орындаушысы Мұқият Асқар, Баянауыл ауданының тумасы, көптеген іс-шаралардың демеушісі Ахметов Саяш қатысты.

Стамбулдағы Айдын университетінде Естай Беркімбаевқа арналған конференция өткізілді. Конференцияда Бақыт Бексейітова, Алтынбек Нұхұлы, Түгелбаев Әбілқақ сөз сөйледі. Шахмардан Әбілевтің, Медғат Манаповтың, Асқар Мұқияттың орындауында Естай әндері айтылды.

Мерейтой шеңберіндегі екінші іс-шара Анкарада TURKSOY штаб-пәтерінде өтті. «Естай – өлеңдері бүкіл әлемге әйгілі, атақты ақын. Сондықтан оның мерейтойын Қазақстанның барлық аймақтарында атап өтіп жатыр» - деп айтып кетті сөз сөйлеуінде Бақыт Бексейітова.

Естай Беркімбаевтің 150-жылдығына арналып Түркияда өткізілген іс-шараларға жергілікті интеллегенция өкілдері, дипломатиялық миссия басшылығы қатысты. Барлық іс-шаралар TURKSOY Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың басшылығымен өтті.