Депутаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай марапаттаулар
14-12-2018 18:11

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай облыс әкімі Болат Бақауов мемлекет Басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, еліміздің  әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен облыстық мәслихаттың депутаты Александр Касицин; «Құрмет» орденімен облыстық мәслихаттың депутаты Марат Бугубаев; «Ерен еңбегі үшін» медалімен облыстық мәслихат аппаратының басшысы - Айгүл Марданова, Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы - Зәуреш Мұқашева наградталды; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Болат Құспеков марапатталды. «20 жыл Астана» мерекелік медалі облыстық мәслихаттың депутаты Роман Романовқа табыс етілді. «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен  облыстық мәслихаттың депутаты Айман Оспанова марапатталды.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен облыстық мәслихаттың депутаттары Крук Олег Павлович және Түсіпбекова Қарлығаш Жеңісқызы марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты наградаларымен құттықтаймыз!