Депутаты
«Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
20-12-2018 12:14
«Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 21 қарашадағы шешімімен  бірқатар ардагерлер тобына «Павлодароблысының Құрметті азаматы»атағы берілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған салтанатты жиналыс барысында облыс әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы Құрметті азаматтарға куәліктер мен Құрмет белгілерін табыс етті.Бұл жоғары атаққа өңіріміздің дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар ие болды:

Арғынов Ғабдолла Қайыргелдіұлы.Оның бастамасымен облыстағы ең алғашқы оқытушылық өндірістік бригада құрылды. Ұзақ жылғы адал еңбегі, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Ғ.Қ. Арғынов «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Сіңірген еңбегі үшін» медалімен, мерекелік медальдермен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Железин және Ертіс аудандарының Құрметті азаматы болып табылады.

Баталов Леонид Иванович. Зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қаныш Сәтбаев атындағы арық» Павлодар филиалы республикалық мемлекеттік кәсіпорын директоры қызметін атқарды.

Еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту» (1986 ж.), «Құрмет белгісі» (1974 ж.), «Құрмет» (2000 ж.) ордендерімен және көптеген медальдар және белгілермен марапатталған. Леонид Иванович қазіргі уақытта да Шідерті кентінің және Екібастұз қаласының қоғамдық өміріне белсенді ат салысуда, Шідерті кентінің алғашқы ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның тікелей қолдауымен ардагерлер кеңесінің зейнеткерлер арасында бос уақытын өткізуге арналған ғимарат бөлінді.

Гайнулин Раис Харисович.Экскаватор машинисінің көмекшісінен «Қуатбасқармасы» ЖШС-нің бас директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1998 жылы «Екібастұз-промсервис» фирмасын басқарды. 2004 жылдан бастап «Қуатбасқармасы» ЖШС бас директоры болып қызмет етеді.

Мемлекет алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін Раис Харисович мемлекеттік награда - «Кұрмет» орденімен (2011 ж.) наградталды, «Шахтер даңқы» белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті кеншісі атағы берілді. Мерекелік медальдермен марапатталды.Екібастұз қаласының Құрметті азаматы болып табылады.

Ысқақов Сағадат Ысқақұлы.1973 жылы «Ленин» орденімен, 1976 жылы «Октябрь Революциясы» орденімен, 1981 жылы «Орақ пен балға» белгісімен марапатталып, «Социалистік еңбек ері» атағын алды.1973 жылы ВДНХ-нің «Алтын медалімен», 1977 жылы ВДНХ-нің «Күміс медалімен»наградталды.«Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісіменмарапатталған.

Омаров Мұхит Мүрсәліұлы. Еңбек жолын1967 жылы  Павлодар облысы Краснокутск  аудандық газетінде бастады. 1972 жылы  аудан жастары оны  аудандық комсомол ұйымының бірінші хатшысы етіп сайлады.  1977 жылы  М.М. Омаров партия қызметіне жоғарылап, осы қызметте 1989 жылға дейін істеді: Ильич ауданы партия  комитеті бөлімінің, Павлодар қалалық комитетінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің лекторы, Павлодар қалалық партия комитетінің  екінші хатшысы. Қазіргі уақытта Редакторлар клубының бас редакторы болып табылады.

Фалеев Дмитрий Никифорович.

1950-1978 жылдары Солтүстік-Қазақстан облысында прокуратура және партиялық органдарда жұмыс істеді. 1978-1983 жылдары -  Алматы қаласының прокуроры, содан Павлодар облысының прокуроры болып жіберілді (1983-1989 жж.). Халықтық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды,заңдылықты қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

Ұзақ жылғы еңбегі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін «За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны 1941- 1945гг.», «Еңбек ардагері» медальдерімен наградталған, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» атағы берілді. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, тыл еңбеккері.