Депутаты
VІ сайланған Павлодар облыстық мәслихатының ХХVII кезектен тыс сессиясы
14-01-2019 15:54

А. ж. 14 қаңтарында VІ сайланған Павлодар облыстық мәслихатының ХХVII кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттың депутаттары 16 сұрақ қарастырды, солардың ішінде:

- Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау.

- Павлодар облысы Ақтоғай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың бұдан бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізумен байланысты сұрақтар қарастырылды:

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының дербес құрамы туралы» № 194/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы «Павлодар облысы сәулет-қала құрылысы кеңесінің дербес құрамы туралы» № 120/13 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы  «Облыс әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесінің құрамы туралы» № 368/41 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрларды даярлау жөніндегі облыстық кеңес туралы» № 195/19 шешімі.

- Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Павлодар облысы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы» № 200/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия туралы» № 202/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының дербес құрамы туралы» № 198/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Облыс әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі облыстық кеңесі туралы» № 196/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі консультативтік кеңсінің құрамы туралы» № 199/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы «Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі комиссияның құрамы туралы»  № 366/41 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қаңтардағы «Мүгедектердің істері жөніндегі облыстық кеңес туралы» № 197/19 шешімі.

- Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі «Облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамы туралы»  № 249/23 шешімі.

  Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі «Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 265/24 шешімі жойылды.