Депутаты
Павлодар облыстық мәслихатының облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау жөніндегі ХАБАРЛАМАСЫ
16-01-2019 16:49

2019 жылдың 14 қаңтарында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау бойынша VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының XXVII кезектен тыс сессиясы өтті. Саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жеті мүшесі сайланды:

- Аманжолова Гүлнара Қабиденқызы, «Павлодар химия-механикалық колледжі» коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының басшысы, «Бiрлiк» саяси партиясының облыстық филиалынан;

- Кабанцова Людмила Федоровна, еңбек ардагері, «АУЫЛ» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалынан;

- Калиева Малика Амангелдіқызы, Павлодар ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы, «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясыоблыстық филиалынан;

- Нәбиев Нұрлан Абзалұлы, еңбек ардагері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан;

 - Чудовский Николай Петрович, облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы» облыстық филиалынан;

- Абдумомунова Дина Серікқызы, «Сухоносенко» ЖК бухгалтер-кассир,«Павлодар облысы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінен;

- Ильясова Бақытжан Ильясқызы, облыс кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінен.

Павлодар облыстық мәслихаты