Депутаты
VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының ХХVIII (кезектен тыс) сессиясы
24-01-2019 12:15
VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының ХХVIII (кезектен тыс) сессиясы

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының ХХVIII (кезектен тыс) сессиясы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 8 сұрақ қарастырды.

Депутаттар Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б.М. Бексейітованың 2018 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмысы жайлы есебін тыңдады.

Сессияда Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің Ережесі және оның құрамы бекітілді. Депутаттар VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының Павлодар қаласының № 21 Зеленстрой сайлау округінен депутат И.С. Теренченконың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, мәслихаттың бұдан бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізілді:

·  Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының дербес құрамы туралы» № 445/50 шешімі;

· Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы «Құқық бұзышылық профилактикасы жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы туралы» № 216/21 шешімі;

·  Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы  «Павлодар облысының жер комиссиясының құрамы туралы» № 284/25 шешімі;

.   Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы  «VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» № 7/1 шешімі.