Депутаты
Облыстық Қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық отырысы
24-01-2019 12:23

24 қаңтар күні облыстық мәслихаттың хатшысы, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының басшысы Б.М. Бексейітованың төрағашылығымен облыстық қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың хатшысы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын  сайлануымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Отырыс барысында бірауыздан облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып - Сыздықов Тито Уахапұлы, төрағаның орынбасары болып – Нәбиев Нұрлан Абзалұлы, хатшы – Шамкенова Роза Шамкенқызы сайланды.