Депутаты
Мектептердегі жылу режимін тексерді
04-02-2019 10:13
Мектептердегі жылу режимін тексерді

Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әбішев және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының зертханашысы Мәнзура Әбішова Заңғар орта мектебіндегі жылу режимін тексерді. Зерттелген 10 кабинеттердің төртеуінде температура белгіленген нормативтен төмен болғаны анықталды. Спорт залында температура 16 градусты құрды. Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес, мектептегі температура бағамы +18 - +23 градустан төмен болмауы тиіс.

Мектеп директоры Сайлау Шаненовтың айтуы бойынша ғимаратқа 50-ден астам жыл болды, 2018 жылы ұзақ жану қазандарын қолданатын жаңа модульдік қазандықтар орнатылды, барлық терезелер пластикалық терезеге ауыстырылды, шатыр жөнделді. Шыға берістегі жылыту жүйесінің су температурасы +70 градус, қатты аяздарда одан да төмен. Қазандықтарды орнатқан компанияның басшылығы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қазандықтарды ретке келтіруге уәде берген. Облыстық мәслихаттың депутаты Қабылқақ Қапенов Ұлттық сараптама орталығымен бірлесіп  Ленинский кентіндегі №32 негізгі мектепті тексерді. Кабинеттердегі температура өлшемдері нормаға сәйкестігін көрсетті. Депутаттар облыстың ұзақ жанатын қазандықтарын пайдаланып жылу беретін мектептеріндегі температуралық режимнің жағдайын тексеруді жалғастыруға ниеттенеді.