Депутаты
Қоғамдық кеңестің отырысынан
06-02-2019 10:19

Қоғамдық кеңес мүшелері жиналып, кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Онда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын қарастырып, бекітті. Әр айдың бірінші бейсенбісі – Достық үйінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен азаматтарды қабылдау күні болып  белгіленді.

  Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы С.Н. Гуляев Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені сақтау бойынша бірқатар түсініктемелер берді. Талқылау барысында отырысқа қатысушылар Қоғамдық кеңес жұмысының регламентін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізді. Рюмкин А.В., Тұнғат Ә.И., Шамкенова Р.Ш. кеңестің, оның комиссияларының жұмысына әрбіреуінің қатысуына мониторинг жүргізуді, кеңес отырыстарына атқарушы органдардың бірінші орынбасарларының қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Нормативтік-құқықтық актілер жобалары қарастырылып, олар бойынша оң ұсынымдар берілді:

- Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы,

- «Тұрғын үй көмегін тағайындау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы,

- Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 113/4 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы,

- Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы,

- Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы.