Депутаты
ІІ Республикалық Мәжілісі өз жұмысынан
08-02-2019 11:06
ІІ Республикалық Мәжілісі өз жұмысынан

2019 жылдың 8 ақпан күні Астана қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткізілетін Қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық Мәжілісі өз жұмысын бастады.

Іс-шара аясында қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаттары және елімізді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қызметінің алға қойылған тапсырмалары талқыланатын болады, аймақтардағы қоғамдық кеңестердің және мемлекеттік органдардың іске асырылып жатқанжоспарлардың тиімділігін қамтамасыз ету бойыншаынтымақтастық тәжірибесі ұсынылады.

2016 жылы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог ретінде құрылды. Олар, мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, бақылау органдарын білдіретін мемлекеттік емес институттар болып табылады.  

Павлодар облысынан делегацияны басқарған облыстық мәслихаттың хатшысы Бексейітова Бақыт Мақанқызы, делегация құрамында Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сыздықов Т.У., қалалар мен аудандар қоғамдық кеңестерінің хатшылары.