Депутаты
Газ баллонға қатысты қауіпсіздік шаралары туралы
12-02-2019 18:05
Газ баллонға қатысты қауіпсіздік шаралары туралы

Павлодар қаласының тұрғындарына газ баллондарын сатумен байланысты талаптарды және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жағдайды зерттеу үшін облыстық мәслихаттың депутаттары жеті газбен жабдықтайтын кәсіпорындардың газды іске асыруына мониторинг жүргізді. Олар сол ұйымдарға газ баллон сатып алу туралы өтінімдер жіберді. Бірақ газ қызметтері олардың бірқатарын қабылдамады. Бұл қуантады, өйткені олардың кейбіреулері, әсіресе көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін газ баллондарын жүзеге асырумен байланысты  ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңын бұзуға жол береді.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында депутаттар газбен жабдықтайтын ұйымдардың («ГазСбытСервис» ЖШС, «ГазИндустрия» ЖШС, «Интерснаб Gas» ЖШС, «Манекс» ЖШС, «ГорГаз Астана 2050» ЖШС, «City Gas Service» ЖШС, «Blues-Star.РV» ЖШС) басшылығымен, облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Павлодар қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшыларымен кездесіп, тұрғын үйлерде газ пайдаланудың алдын алу мәселелерін талқылады. «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру жұмысын жүйелі түрде жүргізу қажет», - деп атап өтті облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова. Көпқабатты үйде тұратын, газ баллон пайдаланып жүрген және оны электр плитасына ауыстыруды қаламайтын тұрғындардың бар болуы жасырын емес. Мұндай жайттар әлі күнге дейін орын алуда.

         Газбен жабдықтайтын ұйымдар газ баллондарды қолдану бойынша, оларды көпқабатты үйлерде пайдалануға қатаң тыйым салынатыны жайлы және азаматтарға заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тартылатыны туралы жадынама әзірлеп, Павлодар қаласының тұрғындарына табыс етуге ниеттенеді.