Депутаты
Көп балалы өтбасыларға көмек
28-02-2019 10:42

Облыстық мәслихаттың депутаттары өз сайлау округтеріндегі көп балалы отбасыларды қамқорлыққа алды.

Отбасыларды аралап, депутаттар олардың өзекті мәселелерін, қандай көмек қажет екендігін анықтады. Көп ұзамай олар 3 көп балалы отбасыларына 9 тонна көмір сатып алды, екі отбасына тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге  көмек көрсетті. Келесі отбасына ыңғайлы жұмыс кестесін қамтамасыз етіп, тағы бір отбасының аналарын кейіннен жұмысқа тұрғызумен кәсіби қайта даярлау курстарына жіберуге ықпал етті. Көптеген отбасылар кейбір құжаттарды рәсімдеуде проблемаға тап болады, осылайша тұрғын үйге меншік құқығына ие болу құжаттарын жасауда, тіркелу,банкте баспанадан ауыртпалықты алу, айыппұл төлеу, оқу ақысын төлеу, балаларды бала-бақшаға орналастыруда көмек көрсетілді.

Сонымен қатар отбасыларға азық-түлік жиынтықтары берілді.

Жақын арада Ленинский кентінде тұрып жатқан көп балалы отбасылардың 3 үйлерін жөндеу жоспарлануда.

Мұндай атаулы көмек депутаттар тарапынан көп балалы отбасыларына үнемі көрсетілетін болады.