Депутаты
Сенаторлар Ертіс ауданында
07-03-2019 12:11
Сенаторлар Ертіс ауданында

Облыста жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мәнап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов 4 наурыз күні Ертіс ауданында болды. Северный ауылындағы Мәдениет үйінде олар тұрғындармен, орта мектеп және фельдшерлік-акушерлік пунктінің еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында сенаторлар «Нұр Отан» партиясының  XVIII съезіндеЕлбасымен қойылған тапсырмалар туралы, «Әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы туралы», солардың ішінде – балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері.туралы айтып берді. Ауылдықтарды алаңдататын мәселелер - «Иртышская» станциясы арқылы кедендік өтуді қалпына келтіру, сумен қамтамасыз ету үшін тарифті реттеу және басқалары бойынша түсініктемелер берілді. Депутаттар сондай-ақ шекара бекетінің жеке құрамымен кездесу өткізді.