Депутаты
Сенат депутаттарының жұмыс сапары
07-03-2019 12:18
Сенат депутаттарының жұмыс сапары

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы  Парламентінің сенат депутаттары М.Көбенов, Н.Нұрсипатов  жұмыс сапарымен  Екібастұзда болды. Сенаторларды Екібастұз қаласының әкімі Н.Әшімбетов және қалалық мәслихат депутаты  С.Лепехин  алып жүрді.

Депутаттардың өңірге сапары Солнечный поселкесінің көпбалалы аналарымен кездесуден басталды. Одан әрі сенаторлар поселкедегі жалпы орта білім беру мектебінің құрылысымен танысты.

  Танысу Екібастұз қаласының бірқатар әлеуметтік объектілеріне барумен жалғасты.  Халық қалаулылары көпбалалы отбасына арналған пәтерді қарады. Келесі объект жақында ғана ашылған "Жанұя" отбасылық сұхбат орталығы  болды, онда ата-аналар және балалар жан-жақты көмек  ала  алады және отбасылық мәселелерді шеше алады.

   Жұмыс сапары соңында депутаттар "Әлем" балаларды оңалту орталығында болды. Орталық басшысы Шаттық Сүйінішева депутаттарға орталықтың жұмысымен таныстырды. Алты жастан он алты жасқа дейінгі қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға   "Әлемде" тегін көмек көрсетіледі.