Депутаты
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
13-03-2019 10:12
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 12 наурызында депутат Анатолий Бойчиннің төрағашылығымен, облыстық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген құрамының қатысуымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуына, 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізуге, Павлодар облысын басқару сұлбасына қатысты және т.б. 10 сұрақ қарастырылды.  

Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері облыс аумақтарын дамытудың бағдарламасын орындау, баға өсуінің облыстық бюджетке әсері, ауылдық мектептер үшін жаңа модификацияланған оқыту кабинеттерін сатып алуға қаражат бөлу бойынша мәселелеріне қызығушылық танытты.

Депутаттар талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстарды облыстық мәслихаттың ағымдағы жылғы 15 наурызда өтетін кезекті сессиясының қарауына енгізді.