Депутаты
Депутаттар облыс қалалары мен аудандарында зарарсыздандыру жұмыстарын өткізу жайлы мәселелерді қарастырды
13-03-2019 11:32
Депутаттар облыс қалалары мен аудандарында зарарсыздандыру жұмыстарын өткізу жайлы мәселелерді қарастырды

Ағымдағы жылдың 12 наурызында облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Депутаттар облыс қалалары мен аудандарында дезинсекциялық жұмыстар жүргізуге дайындық мәселелерін; қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, су және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін қарастырды; Павлодар облысының қоршаған ортасын сауықтыру бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының жобасын талқылады. Ақпаратпен Ә.Ж. Қабылтаева, облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары, И.Н. Сорокина, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Б.М. Бегентаев, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары сөз сөйледі. Аталған мәселелерді талқылауға экология департаменті басшысының орынбасары Ж.Ғ. Кәрімов, «Эком» ҚБ төрағасы С.В. Могилюк, облыс басқармалары бөлімдерінің басшылары, зарарсыздандыру мәселелері жөніндегі ғылыми топ өкілдері қатысты.

Облыста жергілікті атқару органдарымен қолайлы энтомологиялық жағдай құру мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар атап өткендей, бірқатар өзекті мәселелер орын алады, соның ішінде Павлодар қаласының жеке шағын аудандарында жағымсыз энтомологиялық жағдай, жер асты суларының көтерілуі салдарынан масалардың жаппай шығуы ұлғайған жаңа учаскелердің пайда болуы, облыстың кейбір қалалары мен аудандарында зарарсыздандыру қызметтеріне келісім-шарттардың болмауы.

Депутаттар мақсаттық индикаторлардың болуын,  Павлодар облысының қоршаған ортасын сауықтыру жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жобасының қаржылық қамтылуын, экология саласындағы өзекті мәселелердің ауқымды спектрінің қамтылуын атап өтті, сондай-ақ бірқатар ұсыныстар айтты.

Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы ақпарат мәліметке алынды және мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілуі ұсынылды.

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдады.