Депутаты
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген отырысы
14-03-2019 11:06
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген отырысы

Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген отырысында ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар талқыға салынды.

Отырыста облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы М.Қ. Тұрлыбаев 2019 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға ұсыныстар жөнінде сөз сөйледі.

Облыстық әкімшілердің ұсыныстары бойынша бюджеттің шығыс бөлігінде жылдық қаржыландыру көлемдері қайта қаралды, соның ішінде  өңірде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша сынамалы жобаға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету,  көп балалы отбасылардан шыққан 7,0 мың балаларды тұмауға қарсы вакцинациялауға,  1,4 мың көп балалы отбасыларды жылына бір рет алғашқы  көмек дәрі қобдишасымен қамтамасыз етуге, ауыр науқас балаларға көмектесуге, Павлодар медициналық колледжінде оқитын 18 жетім-балаларға көмектесуге

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қаражаттар Ақсу қаласында аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларды қоса алғанда, бюджеттік сала қызметкерлері үшін  көп пәтерлі тұрғын үй  (102 пәтер) сатып алуға, Баянауыл ауылындағы кәріз жүйесінің сыртқы желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге, Майқайың кентіндегі жылумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеуге жұмсалатын болады.

Кәсіпкерлік және туризмды дамыту шеңберінде «Павлодар» СПК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға, «Инвестициялар тарту орталығын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруға, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларында скрининг өткізуге, туристік имиджді насихаттау мен дәріптеу бойынша іс-шаралар жүргізуге қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Ақсу қаласында жедел басқару орталығының құрылысын аяқтауға деген, ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға шығыстарды қолдады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шеңберінде бюджеттің дербес деңгейіне көшкен ауылдық округтердегі абаттандыру, жабдықтау және тағы басқа шығыстарға қаражат бөлінді.

 Енгізіліп отырған өзгерістер есебімен облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 190,2 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде мақсаттық трансферттер мен республикалық бюджеттен несиелер - 67,2 млрд. теңге.

 Отырыс қатысушылары мемлекеттік органдардың бюджетке өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын қолдады.