Депутаты
Облыстағы фитосанитариялық жағдай туралы
15-03-2019 18:28
Облыстағы фитосанитариялық жағдай туралы

Ағымдағы жылдың 13 наурызында облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Депутаттар облыста фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету, өсімдіктерді қорғау және қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтау мақсатында АӨК-дегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселесін қарастырды. Баяндамамен ҚР АШМ-нің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Жансарбаев Чигилек, облыс ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Садыбеков Нұрлан сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның жұмысы жайлы «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның өңірлік менеджері Мұқашев Қазкен хабарлады.

Жансарбаев Чигилек фитосанитариялық жағдайдың, карантинді объектілердің санымен және зияндылығымен анықталатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілердің қалыптасқан жағдайымен анықталатынын атап өтті.                                      

Облыс аумағында арам өсімдіктерден тұратын карантинді объектілердің 4 түрі таралған: жатаған (қызғылт) укекіре және дала арамсояуы, өсімдік зиянкестерінен бұл сарықанат жібек көбелегі мен қара қарағай ұзын мұрты.

Ең зиян және неғұрлым қиын жойылатын карантинді объект болып – жатаған (қызғылт) укекіре арамшөп өсімдігі болып саналады.

2019 жылы фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығымен 132,99 мың га. жерде жатаған (қызғылт) укекірені анықтау үшін мониторингтік зерттеулер жоспарланған, зерттеулер бүрлену – карантинді арамшөптің гүлденуі кезінде жүргізілетін болады.

Талқылау барысында депутаттар қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтау мақсатында Комитеттің  шекара маңындағы аумақтармен өзара іс-қимылы, үйірлі көкқасқа шегірткелі зиянкестер бойынша биологиялық көтерілу ықтималдығының мүмкіндігі, АӨК субъектілерімен дәнді дақылдар тұқымдарын дәрілеуді бақылау тиімділігі бойынша мәселелеріне қызығушылық танытты. Депутаттар уәкілетті органдардың назарын аударуды қажет ететін бірқатар проблемаларды атап айтты: облыс аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыруға арналған қолданыстағы арнайы қоймалардың (мал қорымдарының) жоқтығы, шаруашылық жүргізуші субъектілермен жатаған укекіре ошақтарының таралуын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды уақтылы өткізбеу, Ресей Федерациясы тарапынан мемлекеттік шекарадағы өту пункттерінде фитосанитариялық  бақылау бекеттерінің болмауы.

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.