Депутаты
Облыстық мәслихаттың сессиясында орман шаруашылығы мамандарының жалақысына үстеме бекітілді
15-03-2019 18:35

Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және ветеринария саласындағы мамандар жалақысына 25% мөлшерінде үстемеақы алады. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарына ауылдық жерде жұмыс істегендері үшін аталған үстемеақы берілмейді.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында өткен облыстық мәслихаттың XXIX сессиясында депутаттар шешім қабылдады, соған сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін орманшы-инспекторлар, аңшытанушылар, орман (учаске) шеберлері, орманды күзету және қорғау, қалпына келтіру жөніндегі инженерлер жалақысына қоса 25% үстемеақы алатын болады.