Депутаты
Күн тәртібінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері
19-03-2019 16:58

Ағымдағы жылдың 15 наурызында депутат А.В. Поляковтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы 2018 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері қарастырылды.

  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік серіктестермен бірлесіп 2019 жылды«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы»деп жариялады.     

 Соңғы жылдары Павлодар облысы республикада өндірістік жарақаттанушылық бойынша үздік үштікке енген болатын. 2018 жылы жүйелі алдын алу жұмыстарының нәтижесінде облыста 2017 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану бойынша көрсеткішті 35%-ға төмендетуге қол жеткізілді.

 2018 жылы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен 82 жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізілді, солардың ішінен 4 жазатайым оқиға бойынша бірінші басшылардың кінәсі анықталды.  

         Өндірістік жарақаттану мәселелері Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырыстарында қаралады, онда өндірістік жарақаттану фактілерінің өсуі байқалатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының осы мәселеге қатысты ақпараты жүйелі түрде тыңдалады. Өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын бұлжытпай сақтау – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты шарты.