Депутаты
Наурыз мерекесі қарсаңында аналарды құттықтау «Ана болу – өмірлік парыз»
20-03-2019 16:33
Наурыз мерекесі қарсаңында аналарды құттықтау «Ана болу – өмірлік парыз»

Наурыз мерекесі қарсаңында аналарды құттықтау

«Ана болу – өмірлік парыз»

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында Достық үйінде облыстық мәслихат депутаттарының үшем бала туған және балаларды асырап алған аналармен кездесуі өтті.

2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде Павлодар облысында 17 үшем туды -  23 қыз бала және 28 ұл бала. Ең көп үшемдер 2017 жылы туған – 5 үшемдер. Павлодар қаласында – тоғыз отбасында, Екібастұз қаласында – бес отбасында, Ақсу қаласында – бір отбасында туды. Ақтоғай, Павлодар және Шарбақты аудандарында үшемдер бір отбасында туды. 

Үшемдердің ең үлкендері 2010 жылы Павлодар қаласында Ксения және Валентин Толмачевтар отбасында туған. Оларда екі ұлы және қызы бар.

Қазақстан бойынша жетім балаларды асырап алған 35 отбасы бар, олардың тоғызы – Павлодар облысында. Соның ішіндегі 5 отбасы – мұғалімдер.

Кездесуге шақырылған бала асырап алған тоғыз отбасыларда төрт және одан да көп асыранды балалар тәрбиеленуде. Павлодар қаласында, Павлодар және Железин аудандарында екі-екі отбасыдан, Шарбақты, Тереңкөл және Аққулы аудандарында бір-бір отбасы тұрады. 

Тереңкөл ауданының Байқоныс ауылындағы Базарбаева Гүлмира және Жәкиенов Қайыржанның отбасын Балапановтар отбасынан шыққан бес баланың тәрбиесімен айналысуда.

Павлодар қаласында тұратын Алла және Денис Субботиндер отбасы - кенжесі 2017 жылы туған, бір отбасынан шыққан Судомойкиндердің 5 балаларын тәрбиелеуде.

Шарбақты ауданының Жылы-бұлақ ауылындағы Мукатова Қымбат және Берік Сегізаевтың отбасында кәмелетке толмаған 10 бала бар, олардың үшеуі туған, жетеуін асырап алған.

Облыстық мәслихат депутаттарының атынан арнайы іс-шараға келген аналарды облыстық мәслихаттың хатшысы Бексейітова Бақыт Мақанқызы құттықтады. Кездесу барысында қатысушылар арнайы іс-шараға келгендерді мерекемен құттықтап, жылы-жылы сөздер айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын және босану кезінен көмек көрсеткен, балаларын күткен  облыстық перинаталдық орталықтың жоғары білікті мамандарына да ерекше ризашылықтарын білдірді. Кездесуге қатысқан облыстық мәслихаттың депутаттары Қ.Қ.  Қапенов, А.Қ. Оспанова, А.А. Касицын, С.Ш. Оразбаев аналарды алаңдататын сұрақтарға жауап берді.

Кездесуді ұйымдастырғандар аналарғаТЕХНОДОМ сауда орталығынан 30 мың теңгеге тауар сатып алуға болатын мерекелік сертификаттар табыс етті.

Кездесуге қатысушылардың алдында Катаев атындағы Оқушылар сарайының, облыстық филармонияның шығармашылық вокалдық ұжымдары өз өнерлерін  көрсетті.