Депутаты
Бірауыздан қабылданды
28-03-2019 12:23

Ағымдағы жылдың 20 наурызында өткен облыстық мәслихаттың XXX кезектен тыс сессиясында облыстық деңгейдегі депутаттар Павлодар қаласының Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына қайта атау туралы шешімін бірауыздан қабылдады. Депутаттар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан Елбасының аса зор үлесін, еліміздің тұңғыш Президентінің жоғары халықаралық беделін, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілік үшін қазақстандықтардың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген құрметтері мен алғыстарын атап айтты.  

Облыс әкімдігінің қаулысы әділет органдарына тіркеуге жіберілді.