Депутаты
Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы қаралды
28-03-2019 12:36

Облыстық қоғамдық кеңес жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқару органдары басшыларының қатысуымен өткен өзінің кезекті отырысында денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және халықтың нәтижелі жұмысбастылығ саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын қарастырды. Ақпаратпен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Рыспеков, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрмағамбетов Қайрат сөз сөйледі.

Баяндаушылар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі жайғасымдары бойынша индикаторлардың жетістіктерін атап өтті.  

Сонымен қатар, талқылау барысында назар аударуды және соңына дейін істелмеген жұмыстарды болдырмауды талап ететін фактілер анықталды.

Осылайша, облыста көліктік жазатайым оқиғалар салдарынан өлім-жітім іс-жүзінде 30 %-ға, 2017 жылы 56 оқиғадан ағымдағы жылғы  80 оқиғаға дейін өсті.

Өлім өсуі көбінесе «Павлодар-Омск», «Павлодар-Астана», «Павлодар-Семей»трассаларында тіркелген.

Сондай-ақ, алкогольмен уланудан өлімнің 22,2%-ға, 88 оқиғадан 113 оқиғаға дейін өсуі байқалады, бірінші қатарда Тереңкөл, Железинаудандары. Бұл себептерді алкогольөнімінің қымбаттауымен және көбінесе сапасы төмен  алкогольді немесе оның жасанды суррогаттарын (заңсыз алкогольнарығының болуы) тұтынумен, алкогольді сату жөніндегі заңдарды бұзумен, сондай-ақ жұмыссыз халықтың өсуімен байланыстырады.

Жарақаттар, жазатайым оқиғалар  мен улану салдарынан өлімдерді төмендету мақсатында жыл басынан қосымша жедел жәржем бекеттері ашылды.Санитарлық автокөлік медициналық құрал-саймандармен 100%-ға жабдықталған:телефон шалғандарды қабылдау үшінсмартфондар, планшеттер, GPS-навигаторлар, дефибрилляторлар, ЭКГ деректерін жазу үшін және онлайнрежимінде беруге арналған кардиометрлер, өкпені жасанды желдету аппараттары, шиналар,толық дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету.

Аталған бекеттердің ашылуымен байланысты жедел жәрдем бригадасының келу уақыты айтарлықтай азайды, трассалық жол-көлік оқиғаларына 12 минутқа дейін,яғни зақымданған адамдар ауруханаға дейінгі кезеңде қысқа мерзім ішінде сапалы медициналық көмекті толық көлемінде алады,бұл одан әрі адам өмірі мен денсаулығына қатысты болжамдарды жақсартуға ықпал етеді.

Туберкулезауыруының біраз төмендеуіне қарамастан, халықтың осы санатын әлеуметтік қолдау өзіне назарды талап етеді.   

Павлодарқаласында туберкулёзбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек 10 АЕК - 24 459 теңге мөлшерінде жылына бір рет қана көрсетілетіні анықталды, қалған айдарда науқас қаржылық қолдаусыз қалады екен.Облыстың ауылдық өңірлерінде   амбулаторлық емдеу кезеңінде көмек ай сайын көрсетіледі,бірақ 4-тен 7-ге дейін АЕК құрайды,бұлай сайынғы күнкөріс минимумы деңгейінен төменжәне науқастардың жүріп-тұруы мен құнарлы тамақтануы үшін жеткіліксіз болып табылады. Баянауыл, Ертіс және Аққулы аудандарында көмек 6 айға дейін беріледі және емделудің қалған кезеңінде науқас әлеуметтік көмексіз қалады.

Кәсіпкерлік басқармасына "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда және бюджеттік қаражаттарды орналастыруда екінші деңгейдегі банктермен келісімдер жасау барысында тұтынушылар үшін неғұрлым икемді қарыз алу шарттарында тұру ұсынылды.  

Отырысқа қатысушылар бағдарламалар әкімшілерімен халық арасында денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер; кәсіпкерлікті және халықты жаппай жұмыспен қамтуды дамыту үшін жеңілдетілген несиелерді алуға қатысу мүмкіндіктерітуралы жүргізілетін ақпараттық жұмыстың әлсіздігін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста ақпаратпен қоғамдық кеңестің әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы  Науразбаева Г.А. сөз сөйледі. Осы комиссияның мүшелері облыс өңірлеріне шыға отырып, қоғамдық кеңестің 2018 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындық туралы» ұсынымдарының орындалу барысын зерттелді. Олар жергілікті атқару органдарымымен басымдық ретінде халыққа міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тәсілдерін хабарлап түсіндіру бойынша жұмыс анықталғанын белгіледі. Барлық жерлерде штабтар құрылды, денсаулық сақтау саласындағы жаңа енгізілімдерге қатысты оң қоғамдық пікірлер, медициналық қызмет тұтынушыларын ақпараттандыруда жағымды өзгеріс байқалады. 

Сонымен қатар, осы мәселені зерттеу жүргізіліп жатқан жұмыстың әрдайым қойылған мақсатқа жеткізетіндігін жоққа шығарды. Мысалға, облыстық орталықта не бары 2 билборд орнатылған (1 қаланың шетінде, 1 - Кенжекөлде); бейнероликтердің айналымы үшін LED – экрандар әлсіз пайдаланылады; вокзалдардағы, пошта бөлімшелері мен банктердің күту залдарында бейнероликтер көрсетілмейді;

* барлық радиоарналар («Авторадио», «ДАЛА FM») пайдаланылмайды;

* СМС жіберу (К-сеll, Билайн және басқа ұялы байланыстар) жүргізілмейді;

МӘМС туралы ақпараттар  коммуналдық шоттарда жоқ;

Өңір тұрғындарымен таңдау бойынша жүргізілген әңгімеден кіші кәсіпорындар қызметкерлері мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың МӘМС туралы  нақты түсініктері жоқ екен.

Шарбақты ауданында сұралғандардың 40 пайызы ММСҚ-на аударымдар жасауға дайын емес, 35 пайызы ММСҚ-на аударымдардың мөлшерін білмейді де. Бұл осы ауданда ақпараттық жұмыс белсенді жүргізілгенімен осындай пайыздық көрсеткіштер қалыптасты.

Жергілікті атқару органдарына белгілі нысаналы топтарға ерекше назарын, ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен шағын кәсіпорындар қызметкерлері, жастар және серіктестік, тәжірибеде белсенді формаларды және облыс тұрғындарының түрлі санаттары арасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің концепциясын жылжытуда әлеуметтік маркетингтің  технологияларын пайдалану арасында шоғырландыра отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.