Депутаты
Тұрақты комиссия отырысы
05-04-2019 12:29

Облыстық қоғамдық кеңестің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.   

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары М.Р. Шұғаевтың 2019 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелер бойынша ақпараты тыңдалды.

Сөз сөйлегендер: Кеңесбаев Қ.С., Шөкеев Р.Ш., Тұнғат Ә.Ы., Берковский В.А., олар агроөнеркәсіптік кешенде жетістіктерге қол жеткізу үшін жергілікті атқару органдарының ауылдық халықтың қолайлы әрі жайлы тіршілік етуін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттілігін атап өтті.   

Соңғы 10 жыл ішінде облыстағы ауыл халқының саны 34,5 мың адамға азайды және бүгінде ауылдарда облыс тұрғындарының жалпы санынан 30% ғана тұрады, ал ел бойынша бұл көрсеткіш 42-ден астам %-ды құрайды. Көбінесе жұмысқа қабілеттілер кетіп жатады. Бұл проблеманың өзектілігі соншалықты, көптеген шаруа қожалықтарының басшылары Өзбекстаннан, Қарғызстаннан Гүржістаннан жұмысшыларды шақырып, тартады.

Ауылдық жерден қоныс аударудың негізгі себебі қолайлы тіршілік ету жағдайларының, тұрмыстық жағдайлардың, еңбек істегені үшін лайықты төлем ақының болмауы.

Шынын айтқанда, ауылдардың басым бөлігіндегі баспаналар 50-ші, 60-шы жылдары салынған, оларды қатты отынмен жылыту қажет, ал көмірмен жылыту қымбат әрі машақаты көп. Жылыту маусымы жарты жылға созылатынын есепке алғанда, жылытуға жұмсалатын шығындар басым ауылдық отбасылар үшін шығындардың негізгі бабына айналады.

Қазіргі уақытта ауылдағы адамдар да үйлерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау, жылу беру, жылы дәретханалардың болғанын қалайды. 

 Шешті: ҚР Үкіметіне келесі ұсыныстармен хат жолдау: 

 Біріншісі.

Орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі болмаған ауылдық аймақ үшін электр энергиясына жеңілдетілген, «түнгі» тариф белгілеу қажет. Бұл үшін қосымша қаражаттар талап етілмейді, өйткені электростанциялар жұмысының технологиялық режимі максималды жүктемеге есептелген, ал түнгі уақытта жүктеме екі есе қысқарады, бірақ блоктар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Одан гөрі бұл шара ауылдық жерлердегі өндірістің барлық түрлерін дамытуға, сәйкесінше ауылдағы жұмыс орындарының ұлғаюына ықпал етеді.

Екіншісі.

Ауылда жеке құрылыс үшін үкіметтік деңгейде жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын әзірлеу және оны пайдалануға енгізу. Дайын мемлекеттік бағдарламалар бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің өнімдерінің шеңберінде ауылда баспана құрылысына несие алу мүмкін.

Үшіншісі.

АӨК дамыту үшін тауар өндірушілерде кепілдік мүлкінің болмауы тежеуші фактор болып табылады. Бұл кәсіпорындарға екінші деңгейдегі банктерден несие алуға мүмкіндік бермейді. Бүгінде, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы шеңберінде «КазАгроГарант» АҚ құрылымы арқылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін шағын несиелерді кепілдендіру бойынша схемасы жақсы жұмыс істейді. Кепілдік беру құралы кепілдік жүктемені 85%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен бағдарлама шарттарықалған барлық бизнеске қолданылмайды. Оны ауылдағы барлық қалған бизнес үшін кеңейтуді ұсынамыз. Әлемдік тәжірибеде кепілдік мүлікті қолдау бойынша өзге де құралдар бар.

Аталған шаралар ауыл тұрғындарының кетуін тоқтатпаса, тым болмаса оның қарқынын айтарлықтай қысқартады. Жеңілдікті шарттар бойынша жаңа баспана алу мүмкіндігі ауылдан кетуге асығатын жастар үшін қосымша ынталандыру болмақ.