Депутаты
Күш-қуатты біріктіру
09-04-2019 09:55
Күш-қуатты біріктіру

«Ертіс адалдық алаңы» облыстық жобалық кеңсе мүшелерінің қатысуымен қоғамдық кеңестің әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

         Жобалық кеңсенің басшысы Бақытбек Әлиақпаров баяндағандай, олар қоғамдық негіздерде жұмыс істейді, олардың мақсаты мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдайлар құру, олардың қызметінің айқындығын қамтамасыз ету, қызмет көрсетулердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және болдырмау. Олар қоғамдық кеңеске алдағы жұмыс қарсаңында күш-қуатыттарын біріктіру мақсатында жүгінді. Алдағы уақытта олар облыс білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеуді жоспарлауда.

         Қоғамдық кеңестің мүшелері Николашин О.В., Бекен Сағындықұлы, Абдраимова С.С., Заут Болат олардың барлықтары үшін ашықтығын, жемісті серіктестікке дайындығын атап өтті. Бірлескен іс-шаралар жоспары құрастырылды.