Депутаты
Құрметті жерлестер!
11-04-2019 09:12

Сәуірдің 13-нен бастап облыста елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалау, жасыл желектендіру және көріктендіру бойынша айлығын өткізу жарияланды. Облыс тұрғындары мен еңбек ұжымдары жыл сайын көктемгі еңбек десантына қосылып, өздерінің және іргелес аумақтарын қыс бойы жиналған қоқыстан тазартып, көрікті ету мақсатында сенбіліктерге белсенді қатысып отырады. Әрине, облыстың коммуналдық қызметтері елді мекендерді тазарту әрі көріктендіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, тазалық орнатуды жүйелі түрде қадағалап отырады. Бірақ, қалаларымызды және ауылдарымызды таза әрі жасыл күйінде сақтау үшін, әрбір ауланы, балалар және спорт алаңдарын, кіші нысандарды, саябақтар мен демалу орындарын, ескерткіштерді ретке келтіру үшін барлық тұрғындар мен еңбек ұжымдарының көмегінсіз, қатысуынсыз қиынға түседі. Әрбіреуіміз үйіміздің, дүкендердің маңайын, әлеуметтік нысандар аумақтарын қоқыс-қалдықтардан тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, ағаш отырғызу мүмкіндігін пайдалана отырып, тұрғылықты жерлердің таза болуына өз үлесімізді қосайық.

Облыстық мәслихаттың депутаттары облыс тұрғындарын, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарды, еңбек ұжымдарын сенбілікке шығу, туған қаласын, ауылын тазартуға, көгалдандыруға үлес қосу ұсынысымен ортақ іске шақырады.  

 

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары