Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Спорт мәселелері қарастырылды
25-04-2019 17:32

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Спорт инфрақұрылымын нығайту және оны облыс қалалары мен аудандарында тиімді пайдалану туралы» мәселесін қарау бойынша отырысы өтті. Бейнеконференц-байланысы режимінде аудандардан мәслихаттар хатшылары, қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары және спорт бөлімдерінің басшылары  қатысты.

Туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан  Есембаев депутаттарға баяндағандай, Аумақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға жоспарланған спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізілді. Жүйелі түрде спортпен шұғылданатындар саны 230,0 мыңнан астам адам, солардың ішінде ауылдағылар 70,0 мыңнан астам. Спортшылар мен дене тәрбиесі мұғалімдерінің иелігіндебарлық меншік нысанындағы мыңжарымнан астам спорт ғиамараттары саналады. Өткен жылы 50-ден астам спорт объектілері іске қосылды.Соған қоса, спорт инфрақұрылымын дамытуға 1312,9 млн. теңге сомасында қосымша қажеттілік бар.

Депутаттарды спорт объектілерінің қолжетімділігіне, соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, спорт объектілерін пайдалануды бақылауда ұстау қажеттілігіне, қысқы кезеңнен кейін спорт ғимараттарын жөндеуге, спорт объектілерінің сақталуы мен қауіпсіздігі бойынша қабылданатын шараларға қатысты мәселелер қызықтырды.  

«Красноармейка ауылындағы мектепте болған, оқушыға футбол қақпалары құлаған жазатайым оқиға баршамызға қорытынды шығаратындай сабақ болуы тиіс. Мұндай жағдай қайталанбастай, барлық қажетті шараларды қабылдау қажет», - деп атап өтті тұрақты комиссияның төрағасы Қ. Қапенов.

Осы мәселе бойынша комиссияқаулы қабылдады.