Депутаты
Еңбекті қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
30-04-2019 09:03
Еңбекті қорғау күніне орай өткізілген іс-шара

Облыстық өңіріміздің 33 ірі кәсіпорындарының өкілдері Ақсу ферроқорытпа зауытында «Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу» атты дөңгелек үстел өткізді. Оған облыстық мәслихаттың депутаты, «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова қатысты.

Құттықтау сөзімен сөйлей келе, Динара Нұржанқызы осыған бағытталған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасына баса назар аударды. Мұнда еңбекті қорғау басқармаларының жүйесін құру әрі енгізу және осы жүйеге  әлеуметтік серіктестікті тарту жолымен қызметкерлер өмірі мен денсаулығын сақтауға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. «Кәсіподақ кәсіпорын қызметкерлерінің арасынан таңдайтын техникалық инспекторлар ерекше рөл атқарады және өндірістегі жарақаттанудың төмендеуі солардың арқасында», - деп атап өтті депутат.

Қатысушылар Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметімен танысып, зауыт мұражайына кіріп шықты. Іс-шараны ұйымдастырушылар «Ақсу ферроқорытпа зауытындағы оқиғаларды мониторингілеу және есепке алу жүйесі. Оқиғалар туралы хабарлау және тергеу қорытындылары туралы ақпаратты персоналға жеткізу, мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл» тақырыбына презентация өткізді.