Депутаты
Өзекті мәселелер бойынша кездесу
30-04-2019 16:22
Өзекті мәселелер бойынша кездесу

Облыстық мәслихаттың депутаты Гайнулин Раис 2019 жылдың 6 сәуірінде «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС 1» ЖШС-де өткен Премьер-Министрінің орынбасары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Г. Абдыкаликованың басшылығындағы үкіметтік жұмыс тобының кеңейтілген кездесуіне қатысты. Кездесу барысында ол «Қуат басқармасы» ЖШС қызметі жайлы, әлеуметтік мәселелердің шешілуі туралы айтты.

Бүгінгі күнге «Қуат басқармасы» ЖШС – әлеуметтік бастамаларды сәтті іске асыратын Екібастұз қаласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарту, жалақыны кешіктіру фактілеріне жол берілмейді.

Р.Х. Гайнулин ұзақ жылдар бойы облыстық мәслихаттың депутаты, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің басшысы бола тұра, ауқымды қайырымдылық жұмыстар жүргізіп тұратынын атап өту қажет.   

Халықтың әлеуметтік хал-жайына қатысты мәселелер депутаттардың назарында.