Депутаты
Көпбалалы отбасылар баспанаға ие болуда
02-05-2019 15:08
Көпбалалы отбасылар баспанаға ие болуда

Екібастұз қаласының билігі қаладағы 20 көпбалалы отбасыларға коммуналдық меншіктегі баспаналарды беру туралы шешім қабылдады. Алғашқы отбасылар сәуір айында жөнделіп болған пәтерлерге қоныстанды.

15 сәуірде облыстық мәслихаттың депутаты, Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Раис Гайнулин осы іс-шараларға қатысып, 5 бала асырайтын Мендішовтар отбасына 3-бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Облыстық мәслихаттың депутаттары өз сайлау округтеріндегі көпбалалы отбасыларын қамқорлыққа алып, атаулы көмек көрсететінін атап өту қажет.