Депутаты
Экология мәселелері жөнінде
03-05-2019 11:10

Ағымдағы жылдың 2 мамырында С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханасының конференц-залында облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде кездесуі өтті. Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова және экология мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясының төрайымы М. Стрелковская қатысты.

Бақыт Бексейітова қатысушыларға депутаттардың 2018 жылы қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде атқарған жұмысы жайлы айтты. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен меморандумдар жасау бойыншадепутаттардың бастамаларын, сондай-ақ, қоқысты бөлек жинау мен ҚТҚ өңдеу, көгалдандыру мәселесі, энтомологиялық жағдай бойынша олардың брифингтер жүргізгенін атап өтті. Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері мәслихат сессиясының және тұрақты комиссияның талқылау тақырыбына айналды. Министрліктер мен жергілікті атқару органдарына депутаттық сауалдар мен ұсыныстар жіберілді.

Облыс әкімімен кездесу барысында көлік шығарындылары, экологияның адам денсаулығына әсер етуі, отырғызылған өсімдіктер мен ағаштарды тиісінше күтпеу, саябақ аумақтарында жасыл желектерді жою,биоалуантүрлілікті мониторингілеу қажеттілігі, циклохена және жатаған укекіре өсімдіктерінің таралу проблемалары және т.б. айтылды.

Өңіріміздегі экологиялық ахуалды жақсарту тақырыбы дпутаттық корпус үшін әлі күнге дейін өзекті мәселе болып қала береді.