Депутаты
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
06-05-2019 19:54
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

6 мамыр күні – дүйсенбіде облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова кезекті қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында азаматтар оқу, тұмысқа тұру, медициналық тексеруден өту, баспана алуда жәрдем көрсетуге қатысты бірқатар мәселелерін айтты.

Әуе қалашық тұрғыны мәслихат хатшысына өзін және күйеуін жұмысқа орналастыру туралы мәселесін шешкені үшін ризашылығын білдірді. Ер адам  «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нде күзетші болып, ал өтініш беруші әйелі де сонда қызметтік үй-жайларды тазалаушы болып жұмысқа орналастырылды. Бұл отбасы көп балалы болып табылады, алты бала тәрбиелеуде.

Мүгедек-баланы тәрбиелейтін басқа өтініш беруші оның отбасына баспана  ұсыну туралы және мүгедек-баласын неврологиялық орталықта тексеруден өткізуге көмек көрсету мәселесін қарастыруды сұрайды.

Азаматтармен қойылған барлық сұрақтарға мәслихат хатшысы тиісті мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді шешуде заңды жәрдем көрсетуді тапсырып, толық қамтылған жауаптар мен түсініктемелер берді.