Депутаты
Металлургтер сенбілік өткізді
08-05-2019 11:16
Металлургтер сенбілік өткізді

Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері Еуразиялық Топтың 25-жылдығына арналған сенбілік өткізді. Олар балаларымен бірге қалалық паркте 100 пирамида тәрізді теректерден саяжол отырғызды.

Облыстық мәслихаттың депутаты, зауыт директоры Сергей Прокопьев  «Ағаштарды отырғызу – зауыттағы ең сүйікті акциялардың бірі. Біздер мұндай акцияны жыл сайын өткіземіз және қаламыздың еліміздегі ең жасыл әрі көрікті болуын қалаймыз», - деп атап өтті.