Депутаты
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмектесу
13-05-2019 12:31
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмектесу

«NurOtan» партиясының облыстық филиалында облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира Нұрханованың төрағашылығымен «Жұмыспен қамту мен халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер қалалық тіршілік ету ортасыныңмүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімділік проблемаларына, соның ішінде облысымыздың елді мекендерінде кедергісіз орта қалыптастыруға арналған. 

 «Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар олар үшін қолжетімсіз ортаға тап болған жағдайда ғана өздерін олқылық сезінеді», - деп атап өтті Гүлмира Нұрханова.

Комиссия қорытындылары бойынша ұсынымдар берілді, олар құзыретті мемлекеттік органдарға жіберілді.