Депутаты
«Нитратсыз денсаулық» акциясы
15-05-2019 11:32
«Нитратсыз денсаулық» акциясы

Көктем-жаз маусымының келуімен тек пайдалы қасиеттерге ие болып қана қоймай, құрамында қауіп төндіретін заттары бар, ерте пісетін жеміс-көкөністер рационымызда көбейе бастайды. Жиі жағдайларда мерзімінен бұрын сатылатын жемістер мен көкөністердің құрамында адам денсаулығы үшін неше түрлі зиянды заттар, мысалы нитраттың болуы анық. Нитраттардың адам ағзасына жүйелі барып тұруы оның денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді.

Облыстық мәслихаттың депутаттары Стрелковская Марина және Оспанова Айман облыс қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың 16 мамырында «Рахмет» және  «Асыл» базарларының аумағына өткізілген «Нитратсыз денсаулық» акциясына қатысты.

Акцияға қатысушылар жеміс-көкөніс өнімдерінің құрамында нитраттың бар нормасын анықтау үшін жедел-зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша нектарин, қызы шие, өрікте нитрат құрамының елеусіз асып кетуі анықталды. Барлық қалған жеміс-көкөніс (жергілікті жылыжай немесе оңтүстік өңірлерден әкелінген) өнімдерінің құрамында нитрат нормасының асып кетуі байқалмайды.