Депутаты
Орамішілік аумақтарды тазалау сапасы бойынша мониторинг
21-05-2019 13:59
Орамішілік аумақтарды тазалау сапасы бойынша мониторинг

   Қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтерінде орамішілік аумақтарды тазалау сапасы бойынша мониторинг өткізді. Осыған орай, ағымдағы жылғы 16 мамырда қалалық мәслихат депутаты А. Оспанов «Реалком» ЖШС мердігерлік ұйымның өкілі И. Сельскаямен іргелес аумақтардың санитарлық жағдайы бойынша орамішілік аумақтарға барды.

   Бүгінгі күнде, санитарлық тазалау мен абаттандыру бойынша Айлық аясында өткізілген жалпы қалалық сенбіліктерден кейін қаланың санитарлық жағдайы жақсарды. Алайда, кейбір учаскелерде контейнерлік алаңдардың жанында және орамішілік аумақтарда қоқыстың жиналуы байқалады. Бару аясында анықталған мекенжайлар бақылауға алынып, мердігерлік ұйым қысқа мерзімде жиналған қоқысты жоюға міндеттенді.