Депутаты
Штаб отырысы өтті
23-05-2019 18:01
Штаб отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың депутаты Серім Сыздықов міндетті медициналық сақтандыруды енгізу аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі штаб отырысына қатысты. 

Отырыста Железин, Ертіс, сондай-ақ Тереңкөл және Аққулы аудандарының әкімдері орынбасарларының өз өңірлерінде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы есептері тыңдалды.

Ұсынылған ақпаратты талқылау барысында штаб мүшелері осы жұмысты бұқаралық ақпарат құралдары, ардагерлік ұйымдар мен қоғам қайраткерлері арқылы белсендіру қажеттілігін атап айтты. МӘМС-ды енгізу бойынша жұмысына тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, солармен қатар ауылдық округтер әкімдерінің, ішкі саясат бөлімдерінің қатысу міндеттілігі аталып кетті.