Депутаты
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалар
31-05-2019 12:03
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалар

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияларының депутаттары Анатолий Бойчин, Жанат Тұрлыбаев, Қайрат Әбішев, Гүлмира Нұрханова 2019 жылдың 30 мамырында 2018-2019 жылдары жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығындағы бірқатар инвестициялық жобалармен танысты.

Павлодар ауданының Розовка ауылындағы «Кирова» ЖШС директоры Тажиев Болат 2018 жылдың күз мезгілінде кәсіпорынмен меншікті қаражаттары есебінен сомасы 562,9 млн. теңгеге 840 бас сиятын сиыр қора құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырылғанын айтты. Депутаттар Ж. Тұрлыбаевты және Қ. Әбішевті сүт сауымының қалай артқаны, өндірілетін өнімнің өзіндік құны қызықтырды. Басшының айтуынша, жағымды нәтижеге бет бұрды: малға арналған температуралық жағдайлар, суару, желдету жүйесі, қораны жинайтын механикалық жүйе, жұмыскерлер үшін қолайлы  жағдайлар. Жұмысқа 3 ветеринар - Павлодарлық колледждің түлектері қабылданды.

Жұмыс тобы Павлодар ауданының «Агроком» шаруа қожалығына   барып шықты. Осы жоба ауыспалы болып табылады. «Агроком» ШҚ 2018 жылы сыйымдылығы 2,5 тонна көкөніс қоймасының құрылысы бойынша жобаны іске асырған болатын. Көкөніс қоймасыдайын. Бейнебақылау орнатылды. Ағымдағы жылы 300 га. суармалы алқап құрылысы жоспарланып отыр. Кәсіпорынмен 169 млн. теңге жеке қаражаттары инвестицияланды. Сомасы 136,8 млн. теңгеге маркасы TL(100 га) су шашатын машинасын, су беру станциясы үшін сорғы, ауыл шаруашылық техникасын және аспалы жабдық сатып алуға келісімшарттар жасалды. Жобаның жүзеге асырылуы 16 тұрақты және 65 маусымдық жұмыс орындарын  құруға мүмкіндік береді. Әңгімелесу барысында шаруа қожалығының басшысы Қайрат Жақия депутаттарға картоп пен сәбіз өсіруді жоспарлайтыны, жылыжайлар қоятыны жайлы, соған қоса өткізу нарықтарының барын, бірақ жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымдарды өткізу үшін жоба қаржыландыруды талап ететіні туралы айтты.

 Ленинский кентінде «GROUPKSM» ЖШС директоры Умутчаков Бекзат депутаттарды облыстағы ірі элеваторлардың бірімен таныстырды. Элеватордың басты қызметі дәнді және майлы дақылдарды, астықты қабылдау, сақтау, кептіру бойынша қызмет көрсету, олардың сапасын анықтау және дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін сапалық көрсеткіштерді талап етілетін стандарттарға жеткізу болып табылады. Элеватор астық сапасын айқындауға арналған жарақталған өндірістік-технологиялық зертханаға, астық кептіретін, тазалайтын машиналарға, белсенді желдету жабдығына ие, астық сақтауға арналған ыдыстар, көтергіш-көлік жабдықтары бар. Кәсіпорында 45 жұмыс орны бар,жұмсалған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд  теңге, өндірістік қуаты – 37 000 тонна дәнді дақылдарды сақтау. Депутаттарды, облыстың дәнді дақылдарымен айналысатын тұлғаларды қалай тартатыны, қызмет көрсету құны қандай болатыны қызықтырды. Бұл сақтау жағынан сапалық деңгейі, жеделдік: үш қабылдау шұңқырлары, бағалар бүкіл облыстағыдай болады. Шаруашылық қызмет көрсету сапасына бағытталған.

   Облыстық мәслихаттың депутаттары, жалпы, облыс ауыл шаруашылығына жұмсалатын инвестициялық салымдардың жағымды нәтижесін атап өтті.