Депутаты
Павлодар ауданында салынып жатқан объектілерді мониторингілеу
02-07-2019 09:09
Павлодар ауданында салынып жатқан объектілерді мониторингілеу

Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әбішев және аудандық мәслихаттың депутаттары Айтуған Шайхимов, Анна Солдатова Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Ернұр Жаутикбаевпен бірлесіп Павлодар ауданында құрылысы аяқталмаған бірқатар объектілерді: Набережное, Мичурино-Госплемстанция ауылдарында су құбыры мен суөткізгіш ғимараттарының құрылысын аралап шықты. Осы ауылдарда құрылыспен «АЛВИС» ЖШС мердігер ұйымы айналысуда. Объектілер басында мердігер ұйымының өкілдері депутаттарды құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. 

 

   Мичурино ауылындағы құрылыс жұмыстары 2018 жылдың сәуір айында басталған, жұмыстардың аяқталуы 2019 жылдың тамызында жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуға жақын. Мердігер ұйымының өкілі депутаттарға су құбырының құрылысы  ағымдағы жылғы шілде айының соңына қарай аяқталатыны жайлы хабарлады. «АЛВИС» ЖШС 50 күнкөрісі төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың үйлеріне тегін су тартуды жоспарлауда. Анна Солдатова орнатылған құрылғы арқылы өтетін судың сапасы жайлы сұрастырды. Құрылысшылар пайдаланылатын сүзгілердің сапасы жоғары екендігіне сендіріп, үш жылдық кепілдік қызмет көрсету көзделгенін айтты.

 

    Набережное ауылында депутаттар құрылысы 2019 жылғы шілденің соңында мерзімінен бұрын аяқталатын су құбыр станциясын байқады, оның аяқталуы 2019 жылдың қазанына жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының көлемі 95 пайызға орындалған.

 

     Объектілердің екеуі де депутаттық бақылауда қалады.