Депутаты
Баянауыл ауданындағы объектілер құрылысының барысы туралы
02-07-2019 15:16
Баянауыл ауданындағы объектілер құрылысының  барысы туралы

Облыста депутаттық топтармен жүргізіліп жатқан құрылысы аяқталмаған объектілерді мониторингілеу бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр. Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы Темірболат Қасеннің төрағалығымен аудан депутаттары салынып жатқан объектілерге жол жүріп, құрылыс барысымен танысты.

Баянауыл (мердігер ұйымы «КазСтройСервис-7» ЖШС), Бирлик (подрядная организация ТОО «АЛВИС»),  Жаңа тілек(мердігер ұйымы «АЛВИС» ЖШС), Құндыкөл (мердігер ұйымы «ЛОГОТЕК KZ» ЖШС) ауылдарында су құбырлары салынып жатыр. Ақсан ауылындағы (мердігер ұйымы «УниверсалСтройСервис» ЖШС) су құбыры қайта құрылуда. Майқайың кентіндегі жылумен қамтамасыз ету желілерінің күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мониторинг нәтижелері бойынша депутаттар, жалпы, объектілердегі жұмыстардың сапалы іске асырылып жатқанын атап өтті, бірақ Құндыкөл ауылындағы су құбыры бойынша құрылыс жұмыстарының кестеден қалуы байқалады және осыған байланысты депутаттар жақын арада осы объектіге қайта оралуға ниеттеніп отыр.

Барлық объектілер толық аяқталуына дейін депутаттық бақылауда болады.