Депутаты
Депутаттар Ертіс ауданындағы объектілерде
03-07-2019 10:09
Депутаттар Ертіс ауданындағы объектілерде

Ертіс ауданындағы Ынтымақ (мердігер «Евростандарт - Аква» ЖШС), Үлгілі (мердігер «В и К ЛТД» фирмасы ЖШС), Қараағаш (мердігер «В и К ЛТД» фирмасы ЖШС) ауылдарында ағымдағы жылы су құбырларының құрылысы, сондай-ақ Ертіс ауданындағы орталық стадионын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сайлау Оразбаевтың басшылығымен аудандық мәслихат депутаттары Байшот Шыңғысов, Медет Аушенов, Ырысты Әйтимбетованың қатысуымен жұмыс тобы аталған объектілерге барып, келісімшарт міндеттемелерін сақтау және сапасы жағынан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру нәтижелері бойынша депутаттар кестеден қалу фактілері мен сапасы бойынша ескертулердің анықталмағанын атап өтті.

Осы жылы Ертіс ауылында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшені жарықтандыруды жөндеп, қалпына келтіру жоспарланған. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүріп жатыр.

Объектілердегі барлық құрылыс жұмыстары толық аяқталуына және іске қосылуына дейін депутаттық бақылауда болады.