Депутаты
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындылары бойынша
01-07-2019 16:36
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындылары бойынша

2019 жылдың 19 маусымында өткен қоғамдық кеңес отырысындағы облыстың экологиялық жағдайының мәселелеріне арналған күн тәртібін екпінді талқылаудан соң, қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жаңа Экологиялық Кодексінің жобасына атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі бойынша лимиттерді бекітудің түпкілікті құқығын жергілікті өкілдік орган – облыстық мәслихаттарға беру туралы ұсынысын енгізу жөнінде хат жолданды.   

Сондай-ақ,  ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұртшылықтың табиғатты қорғау бағдарламаларын орындау бойынша мониторингін жүргізуге тиімді қатысуы үшін жағдайлар қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15 шілдесіне қарай санитариялық қорғау аймағын кезең-кезеңмен көгалдандыру жоспарларын ұсыну туралы өтінімдер жіберілді. 

Облыс қалаларының әкімдеріне алдағы 5 жылда қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді кезең-кезеңмен енгізу жоспарын ұсыну туралы хаттар жіберілді.

Бақылау қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелген.